«Өмірдің гүлі мен нұры ана» атты қонақжай кеші өткізілді.

5 наурыз күні 8 наурыз -Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Далақайнар ауылдық кітапханасында «Өмірдің гүлі мен нұры ана» атты қонақжай кеші өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы 8 наурыз әйелдер мерекесімен барша аналарды құттықтай отырып, бұл мерекенің қай кезде де орны бөлек екендігін, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрметті бағалай білу парызымыз деді.Осы кеште аналарымызға арнап кітапхана оқырманы Абишова Гуля домбыра тартып ,ана туралы өлеңдерін тарту етті.