«Менің қолымнан бәрі келеді» тақырыбында ерекше, әсерлі іс-шара өтті.
27 ақпан күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Шу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу» орталығында «Менің қолымнан бәрі келеді» тақырыбында ерекше, әсерлі іс-шара өтті.
Шара барысында балаларға арналған көңілді де тағылымды «Бауырсақ» ертегісі сахналанып, кішкентай көрермендер ертегі әлеміне саяхат жасады. Кейіпкерлердің рөлін сомдаған кітапхана қызметкерлері балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға ықпал етті.
Іс-шараның басты мақсаты – ерекше балалардың бойындағы сенімді нығайту, «Менің қолымнан бәрі келеді» деген жігерлі ой қалыптастыру, қуаныш пен мейірім сыйлау.


