«Жыр алыбы – Жамбыл» мәдени-танымдық кеш өткізілді.

26 ақпан күні Мойынқұм орта мектебінде Мойынқұм ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаев шығармашылығына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» мәдени-танымдық кеш өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға ақынның өмірі мен әдеби мұрасын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту.

Кеш барысында ақынның өмір жолы таныстырылып, өлеңдері мәнерлеп оқылды. Оқушылар Жамбыл жырларынан үзінділер айтып, оның ел бірлігі, ерлік пен отансүйгіштік тақырыбындағы шығармаларына тоқталды.

Сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушыларға ақынның еңбектері ұсынылды.