«Сыбайлас жемқорлықтың теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері» пікір алаңы өтті.
26 ақпан күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері» пікір алаңы өтті.
Шара барысында кітапханашы оқырмандарға сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына қауіп төндіретін жағымсыз құбылыс екендігін түсіндірді. Онымен күресу үшін заңнаманы күшейту, ашықтықты арттыру және азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру қажеттігі туралы айтылды.


