«Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі» тақырыбында поэзия кеші өтті.

25 ақпан күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Әбжапар Жақыбаевтың 90 жылдығына орай «Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі» тақырыбында поэзия кеші өтті. Кеш барысында білімгерлерге ақынның өмірбаяны таныстырылып, шығармаларынан үзінділер оқылды. Ақынның әңгімелері мен өлеңдері оқылып, поэзиясының негізгі тақырыптары — туған жер, адамгершілік, еңбек, махаббат, елдік рух кеңінен насихатталады. Іс-шара білімгерлердің рухани дүниесін байытып, әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталады. Кештің мақсаты- қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Әбжаппар Жақыбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, ақын шығармалары арқылы оқырмандардың тілге, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру.