“Өмір жолы- өшпес өнеге” атты әдеби сағат өткізілді.

24 ақпан күні Абай ауылдық кітапханасында қазақтың көрнекті актрисасы, Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешованың 75 жылдық мерейтойына орай “Өмір жолы- өшпес өнеге” атты әдеби сағат өткізілді.Іс-шараның мақсаты: өмірі мен шығармашылық жолын насихаттау, өнердегі қолтаңбасын жас ұрпаққа үлгі ету, ұлттық мәдениетке қосқан үлесін дәріптеу.

Меруерт Өтекешованың өмірбаяны, шығармашылық белестері, театр сахнасындағы және кино өнеріндегі жарқын рөлдері кеңінен таныстырылды. Атап айтқанда, қазақ киносының алтын қорына енген «Қыз Жібек» фильміндегі Жібек бейнесі туралы мәліметтер беріледі. Сонымен қатар, актрисаның өнердегі табандылығы мен адамгершілік қасиеттері жайлы естеліктер оқылып, оқырмандардың назарына бейнематериалдар ұсынылады.