«Жанын жырмен жұбатқан» өнегелі сағат өтті.

24 ақпан күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен айтыскер ақын, жыршы, термеші, ұлт руханиятына үлес қосқан тұлға Аяз Бетбаевқа арналған «Жанын жырмен жұбатқан» өнегелі сағат өтті.

Ақын шығармалары елдік пен ерлікке, адалдық пен адамгершілікке үндейді. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармаларына тоқталып, туған жер, елге деген сүйіспеншілік, адамгершілік пен ұлттық рух тақырыптарында жырлаған өлеңдері оқылды.