«Талаптыға шектеу жоқ…» саяхаттау сағаты өтті.

24 ақпан күні Шу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында Шу аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің

ұйымдастыруымен «Талаптыға шектеу жоқ…» саяхаттау сағаты өтті.

Ерекше баланың қиялы дамып, әлемді тануға деген қызығушылығы арттыру мақсатында кітап қорымыздағы дыбысты кітаптар «Аспаптар үні», «Орман үні», «Көліктер сөйлейді» және

құрастырмалы кітаптар «Транспорт», «Іскер аюлар отбасы» т.б. ерекше балалардың назарына ұсынылып, таныстырылды.