«Тағдырлы талант, тағылымды ғұмыр» тақырыбында кино-кеш өтті.
23 ақпан күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен №10 колледж білімгерлерінің қатысуымен «Тағдырлы талант, тағылымды ғұмыр» тақырыбында кино-кеш өтті. Кеш барысында білімгерлерге М.Өтекешованың өмірі мен қызметіне арналған фильм көрсетілді, білімгерлерге оның шығармашылық еңбектері мен өнердегі рөлі туралы ақпарат берілді, талқылау және пікір алмасу ұйымдастырылды. Кештің мақсаты- Мемлекеттік, мәдениет және өнер саласының көрнекті өкілі М.Өтекешованың шығармашылық мұрасын насихаттау, оның өмір жолы мен еңбегін жастарға таныстыру.




