“Абылай хан – қазақ елінің ұлы ханы” тақырыбында тарихи танымдық сағат өтті.

23 ақпан күні Шоқпар ауылдық кітапханасында “Абылай хан – қазақ елінің ұлы ханы” тақырыбында тарихи танымдық сағат өтті.

Мақсаты: Оқушыларға Абылай ханның өмірі мен тарихи қызметін таныстыру, патриоттық тәрбие беру.Іс-шара барысында Абылай ханның өмір жолы таныстырылып, оқушылар өлең оқып, көрініс қойды, сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, тарихи тұлға туралы кең мағлұмат берілді. Оқушылардың танымдық белсенділігі артты.