«Ана тілім ажарым, асыл мұрам» ауызша журнал өткізілді.

20 ақпан күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында Халықаралық ана тілі күніне арналып «Ана тілім ажарым, асыл мұрам» ауызша журнал өткізілді. Кеш барысында кітапханашы оқырмандарға тілдер рухани және материалдық құндылықтарымызды сақтаудың ең негізгі құралы екендігі туралы айта келіп, ана тіліміздің қадіріне жетіп, дамып өркендеуіне өз үлестерін қосуға шақырды. Соңынан кітапхана қорындағы кітаптарға шолу жасады.

Кештің мақсаты: Мемлекеттік тілді құрметтеу, ана тілімізді қастерлеу, сақтауұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.