«Дін – тәрбиенің рухани тірегі» тәрбие сағаты өтті.

20 ақпан күні балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №10 колледж студенттерінің қатысуымен «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» тәрбие сағаты өтті. Шараға Төле би аудандық мешітінің бас имамының орынбасары Ибрагим Жалалиев арнайы қонақ болды.

Іс-шара барысында кітапханашы жер бетіндегі барлық діндердің негізі бейбітшілік, мейірімділік пен әділдікке құрылғанын атап өтті. Сонымен қатар Ислам дінінің адамгершілік пен рақымдылықты насихаттайтын кемел дін екені айтылды. Кездесу соңында студенттер қонаққа өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.