«Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

20 ақпан күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен №10 колледж білімгерлерінің қатысуымен Халықаралық ана тілі күніне орай «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – жастарға ана тілінің маңыздылығын түсіндіру, мемлекеттік тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, тіл мәдениетін қалыптастыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау болды.

Шара барысында білімгерлер ана тілі туралы өлеңдер оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Атап айтқанда: Халилова Гюмюш – «Ана тіліңді ардақта»

Мамедова Зенфира – «Ана тілім ғажап деп айта аламын»

Шаисмаилова Азиза – «Ана тілі»

Тіленшиева Регина – «Ана тілің – арың бұл»

Дөңгелек үстел барысында ана тілінің қоғамдағы рөлі, оның ұлт болашағындағы орны кеңінен талқыланды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды