«Тіл – халық жанын танудың кілті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
19 ақпан күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 21 ақпан Халықаралық Ана тілі күніне орай «Тіл – халық жанын танудың кілті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, тілдің қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар тіл туралы нақыл сөздер айтылып, Оразкүл Асанғазының «Ұлт тұмары», Мырзатай Серғалиевтың «Тілім менің – тірегім менің», Несіпбек Домбайдың «Ұлт жаны» әдебиеттеріне шолу жасалды.


