«Ана тілім – ардағым, асыл мұрам» атты дөңгелек үстел өтті.
18 ақпан күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 21 ақпан – Халықаралық тілдер күніне орай «Ана тілім – ардағым, асыл мұрам» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс шара барысында кітапханашы ана тілінің – ұлттың рухани байлығы, мәдениеті мен тарихының айнасы екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, тіл ұлттың жаны, халықтың болмысын айқындайтын басты құндылықтардың бірі екені кеңінен түсіндірілді.


