«Шоқтығы биік айтулы ақын» атты дөңгелек үстел өтті.
17 ақпан күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ермановтың 75 жасқа толуына орай «Шоқтығы биік айтулы ақын» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында оқырмандарға талай жүйрікті тәрбиелеп, талай ақынның бағын ашқан Жүрсін Ермановтың өмірі мен шығармашылығы таныстырылды.



