“Естен кетпес 10 жыл” атты кездесу кеші Ауған соғысының ардагері Жұрқабаев Кенен ағамыз және кітапхана оқырмандарынның қатысуымен кездесу кеші өткізілді.
13 ақпан күні Далақайнар ауылдық кітапханасында “Естен кетпес 10 жыл” атты кездесу кеші Ауған соғысының ардагері Жұрқабаев Кенен ағамыз және кітапхана оқырмандарынның қатысуымен кездесу кеші өткізілді.
Іс –шара барысында кітапханашы оқырмандарға Ауған соғысы жайында мағлұматар айта отырып, Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету біздің міндетіміз деді. Кеш барысында Ауғаныстан жерінде қаза болған жауынгерлердің рухтарына бас иіп бір минут үнсіздік жарияланды. Шара барысында Ауған соғысына қатысып,қасіретті соғыстың қиыншылығын көрген Кенен ағамыз сол ауыр күндерден естелік айтып берді. Кеш соңында интернационалист- жауынгерлерге естелік сыйлық тапсырылды.



