«Ауғанның асуында от кешкендер» атты еске алу кеші өтті.

12 ақпан күні Ақсу ауылдық кітапханасы мен ауылдық клубтың бірлесіп ұйымдастыруымен 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай «Ауғанның асуында от кешкендер» атты еске алу кеші өтті. Іс-шара барысында Ауған соғысының тарихы мен оған қатысқан жерлестеріміздің ерлігі туралы мәлімет беріліп, батыр жауынгерлерге тағзым жасалды. Қаза тапқан боздақтар 1 минут үнсіздікпен еске алынды.

Кеш қонағы – Ауған соғысының ардагері Е. Закиров сөз сөйлеп, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Мектеп директоры Қ. Тасибеков жауынгерлердің ерлігі мен қайсарлығын жастарға үлгі етіп атап өтті. Қатысушылар патриоттық өлеңдер оқыды.

Кеш соңында ардагерге құрмет көрсетіліп, сый-сияпат табысталды.