«Сахна өнерінің сыршысы» атты танымдық сағатын өткізді.

12 ақпан күні орталық кітапхананың «Білім» орталығында оқырмандарға қызмет

көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақын, журналист, қазіргі

айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жүрсін Молдашұлы Ермановтың 75 жылдық мерейтойына орай «Сахна

өнерінің сыршысы» атты танымдық сағатын өткізді.

Іс-шараға №10 Шу

колледж білімгерлері қатысты. Шарада кітапханашы Ж.Ерманов көптеген

жыр жинақтары мен кітаптардың авторы, сондай-ақ қазақ айтысын кеңінен

насихаттаған тұлға екендігін баяндап өтті.