«Ерлігім елім үшін» атты кездесу кеші өтті.
12 ақпан күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылған күніне орай «Ерлігім елім үшін» атты кездесу кеші өтті.
Кездесу барысында Ауған соғысының ардагері Пиязбаев Бейсенхан Сайлаубайұлы ағамыз арнайы қонақ ретінде шақырылып, майдан даласындағы естеліктерімен бөлісті. Оқушылар ардагерге сұрақтар қойып, соғыс жылдарындағы қиындықтар мен ерлікке толы оқиғалар туралы мол мағлұмат алды.
Іс шара барысында жас ұрпаққа отансүйгіштік рухты сіңіру туралы әңгімелеп берді.




