«Қаламмен тарих жазған Қабдеш» атты танымдық сағат өткізілді.

12 ақпан күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Қаламмен тарих жазған Қабдеш» атты танымдық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы Қабдеш Жұмаділовтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, кітап қорындағы жазушының «Тағдыр», «Дарабоз», «Саржайлау» және т.б. шығармаларымен таныстырды.