“Қазақ жерінің музыкасын жасаушы” атты өмірбаяндық шолу өтті.
9 ақпан күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен саз әлеміне өзіндік қолтаңбасын қалдырған талантты композитор Кеңес Дүйсекеевтің туғанына 80 жыл толуына орай “Қазақ жерінің музыкасын жасаушы” атты өмірбаяндық шолу өтті. Іс-шара барысында кітапханашы композитордың өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, оның қазақ музыкасының дамуына қосқан үлесіне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ оқырмандар Кеңес Дүйсекеевтің әндері мен күйлері арқылы шығармашылық әлемімен жақынырақ танысып,өз ойларын ортаға салды.




