“Поэзия шыңындығы ұлы ақын” поэзия кеші өтті.
9 ақпан күні Белбасар ауылдық кітапханасында 9 ақпан М.Мақатаевтың туған күніне орай “Поэзия шыңындығы ұлы ақын” поэзия кеші өтті. Бұл кештің мақсаты — қазақ поэзиясының дара тұлғасы, халқымыздың жүрегіне жол таба білген шоқтығы биік ақын М.Мақатаевтың шығармашылығын еске алып, жастарды поэзия өнеріне баулу, әдеби құндылықтарды насихаттау.
М.Мақатаев поэзиясында туған өлке, халықтың тағдыры, сүйіспеншілік пен адамгершілік тақырыптары терең көрініс тапқан. Оның поэтикалық сөзі ұлттық сезім мен болмысымызды жан-жақты ашып, бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болары даусыз.
Іс- шара соңында оқушылар өлеңдерін мәнерлеп оқыды




