«Менің әрбір өлеңім – бір әлем» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.

9 ақпан күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында қазақ поэзиясының мәңгілік шамшырағы, ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Менің әрбір өлеңім – бір әлем» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға ақынның өмір жолы мен бай шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылды. Мұқағалидың жүрекке жетер жырлары оның поэзиясының тереңдігі мен құндылығын айқындай түсті.