«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өткізілді.
9 ақпан күні Абай ауылдық кітапханасында
«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өткізілді. Бұл рухани-танымдық шара қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, ұлт ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналды.
Кеш барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылық кезеңдері туралы мәліметтер беріліп, оқырмандар өлеңдерін мәнерлеп оқыды, әнге айналған жырлары орындалды. Сонымен қатар қатысушылар арасында поэзия туралы пікір алмасу мен әдеби сұхбат ұйымдастырылды.




