“Жәңгір хан – өз заманының білікті тұлғасы” тақырыбында тарихи шолу өткізді.

6 ақпан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Бөкей Ордасының ханы Жәңгір ханның туғанына 225 жыл толуына орай “Жәңгір хан – өз заманының білікті тұлғасы” тақырыбында тарихи шолу өткізді. Шара барысында Бөкей Ордасының соңғы ханы Жәңгір ханның жүріп өткен жолы, ерлігі, қазақ халқына жасаған игі істері айтылды.

Мақсаты: қазақ хандарының көрші елдермен қарым – қатынасы туралы білімдерін толықтыру, қазақ хандарының саясатын оқыта отырып, өз елін, жерін, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу, Жәңгір ханның әрекеттерін әңгімелей отырып ерлікке, батыр, батыл болуға тәрбиелеу.