«Әдебиет әлеміне өзіндік із қалдырған қаламгер» тақырыбында әдеби лото іс-шара өткізілді.
6 ақпан күні №2 қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен Бек Тоғысбаевтың 90 жылдығына орай «Әдебиет әлеміне өзіндік із қалдырған қаламгер» тақырыбында әдеби лото іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы Бек Тоғысбаевтың шығармашылық жолына кеңінен тоқталып, оның әдебиетке өзіндік үнімен келген қаламгер екендігін атап өтті. Жазушының туындыларында ұлт рухы, адамгершілік құндылықтар мен өмір шындығы терең көрініс табатыны айтылды.



