“Тағдырды бірге оқимыз” атты әдеби талдау өтті.
6 ақпан күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Е.Бекмаханов мектеп- гимназиясының қатысуымен”Бір ел-бір кітап” акциясы аясында Қ.Жұмаділовтың “Тағдырды бірге оқимыз” атты әдеби талдау өтті. Шара барысында кітапханашы жазушының “Тағдыр” тарихи романына талдау жасады. Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың әдебиетке қызығушылығын арттыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және қаламгер мұрасын кеңінен дәріптеу.



