«Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» атты әдеби караоке өткізілді.

5 ақпан күні Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Домалақ ене орта мектебінде ақиық ақын, артында өшпестей із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» атты әдеби караоке өткізілді.

Кітапханашы қатысушыларға Алаштың ақиық ақыны, қара өлеңнің қарагері Мақатаев Кеңестік кезең бодандығындағы қарақұрым қалың оқырман тарапынан жалпыхалықтық қолдау алып, поэзия Кеңістігінде өмір сүруге мүдделі жандардың қарасын көбейтумен келе жатқандығы туралы айтып берді.

Шара барысында қатысушы оқырмандар Оразхан Айбол, Қазақбай Мирас, Серікбай Балауса, Берік Іңкәр «Әке», «Ей, өмір» өлеңдерін музыка ырғағымен әсірелеп жырлап берді.

Соныңда Мұқағали Мақатаевтың кітаптарына шолу жасады.