«Діни экстремизмге жол бермеу – басты міндет» тақырыбында жас оқырмандардың қатысуымен ақпараттық сағат өтті.

3 ақпан күні Бәйдібек ауылдық кітапханасында «Діни экстремизмге жол бермеу – басты міндет» тақырыбында жас оқырмандардың қатысуымен ақпараттық сағат өтті.

Іс-шараның мақсаты – жас буынға экстремизм ұғымы туралы түсінік беру, оның түрлері, пайда болу себептері мен зардаптарын ұғындыру, діни экстремистік бағыттағы арандатуларға жол бермеу. Сонымен қатар, жат ағымдарға ілесіп кету қаупінің алдын алу және жастарды діни сауаттылыққа, дұрыс көзқарасқа тәрбиелеу көзделді.