«Нашақорлықтың зардаптары» атты тақырыпта дәріс өткізілді.

3 ақпан күні Мойынқұм ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Нашақорлықтың зардаптары» атты тақырыпта дәріс өткізілді.

Іс-шараға мектеп психологы А.Кенесова қатысып, нашақорлықтың алдын алу бойынша мәліметтер берді.

Сөз соңында кітапханашы нашақорлық – болашақты ұрлайтын қауіпті жол, әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, өмірдің мәнін зиянды әдеттерден емес, пайдалы істерден іздеуі тиіс екенін түсіндірді.