“Мақал-мәтелдердің қазақ өміріндегі орны” атты ми шабуылы өтті.
30 қаңтар күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында “Мақал-мәтелдердің қазақ өміріндегі орны” атты ми шабуылы өтті.
Мақал-мәтелдерге арналған бұл іс-шара оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын және тапқырлығын арттырды. Қатысушылар мақал-мәтел әлеміне саяхат жасап, “Білім”, “Достық”, “Еңбек” тақырыптарындағы мақалдарды жалғастырып, тез әрі нақты жауаптар берді.



