«Күйдің көктемі – Дина» атты деректі сағат өткізді.
29 қаңтар күні Абай ауылдық кітапханасында Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толуына орай «Күйдің көктемі – Дина» атты деректі сағат өткізді.
Деректі сағат барысында Дина Нұрпейісованың өмір жолы, өнердегі жетістіктері, Құрманғазы дәстүрін жалғастырудағы рөлі туралы мәліметтер берілді. Күйшінің белгілі күйлері тыңдалып, олардың шығу тарихы таныстырылды. Көрнекі материалдар мен деректі мәліметтер арқылы қатысушылардың танымдық деңгейі кеңейтілді.
Шара жас ұрпақты ұлттық өнерді қастерлеуге, мәдени мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталды



