«Мағзом Сүндетов – қазақ әдебиетінің тұғыры» атты әдеби портрет кеші өтті.
29 қаңтар күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, жазушы Мағзом Сүндетовтың 90 жылдық мерейтойына орай «Мағзом Сүндетов – қазақ әдебиетінің тұғыры» атты әдеби портрет кеші өтті.
Іс – шара барысында кітапханашы жазушының өмір жолы мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныстырып, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесіне жан – жақты тоқталды.



