« Қазақтың үш қыраны» атты танымдық сағаты өткізілді.

28 қаңтар күні Белбасар ауылдық кітапханасында Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаевтың туғанына 75 жыл толуына орай « Қазақтың үш қыраны» атты танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты: ғарышкер Талғат Мұсабаевтың өмірі мен ғарышқа жасаған сапарлары туралы оқушыларға кең мағлұмат беру; Оқушылардың ғылымға, ғарыш саласына деген қызығушылығын арттыру. Іс-шарада кітапханашы ғарышкердің Байқоңырдан ғарышқа ұшуы, ғылыми еңбектері мен жетістіктері туралы мәлімет берді.Талғат Мұсабаев – қазақ халқының мақтанышы, оның ғарыштағы ерлігі жастарға үлкен үлгі.