“Ұлы дала күйшісі-Дина Нұрпейісова” атты әдеби-сазды кеш өткізілді.

28 қаңтар күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкері және Ақсу ауылдық клубының мәдениет ұйымдастырушысымен бірлесіп ұйымдастырылған Қазақтың ұлы күйші-композиторы, Құрманғазының шәкірті, халық өнерінің көрнекті өкілі Дина Нұрпейісованың шығармашылығын насихаттау мақсатында “Ұлы дала күйшісі-Дина Нұрпейісова” атты әдеби-сазды кеш өткізілді.Іс-шара барысында күйші өмірі мен өнер жолы туралы кеңінен мағлұмат беріліп, өмірі мен шығармашылығына арналған бейнематериалдар көрсетілді. Кеш барысында Д.Нұрпейісованың күйі орындалып, қатысушылар күй өнерінің құдіретіне тәнті болды. Іс-шараға қатысқан оқушылар ұлттық өнердің маңызы туралы өз ойларымен бөлісіп, рухани әсер алды.