«Рухани құндылықтар және дін» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
28 қаңтар күні Шоқпар ауылдық мәдениет үйі мен кітапхананың бірлесуімен «Рухани құндылықтар және дін» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – жастарға экстремизм мен терроризмнің қауіптілігін түсіндіру, жат діни ағымдардан сақтандыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу. Шараға ауыл имамы Данияр Табаев, округ әкімдігінің бас маманы Дамира Сәткен, мектеп психологы Жанерке Сейдіхан, оқушылар мен ұстаздар қатысты. Кітапханашы тақырыптық баяндама жасап, қонақтар экстремизмнің алдын алу жөнінде түсіндірме жүргізді. Жастар сұрақ қойып, толық жауап алды.


