«Қайым еңбектеріндегі ұлт тарихы» атты әдеби микс өтті.

27 қаңтар күні Мойынқұм ауылдық кітапханасында Қайым Мұхамеджанхановтың 110 жылдық мерейтойына орай «Қайым еңбектеріндегі ұлт тарихы» атты әдеби микс өтті.

Іс-шара барысында ғалым-зерттеуші, әдебиеттанушы Қайым Мұхамеджанхановтың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, оқырмандарға ғалымның абайтану ғылымына қосқан зор үлесі, тарихи-әдеби еңбектері және ұлт руханиятын сақтаудағы сүбелі қызметі туралы кеңінен мәлімет берілді.