«Ауыл – ырыс пен ынтымақтың ұйтқысы» атты дәріс өтті.

27 қаңтар күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ауыл – ырыс пен ынтымақтың ұйтқысы» атты дәріс өтті.

Шара барысында кітапханашы ауылдың ел экономикасындағы маңызы мен халық бірлігінің негізі екеніне тоқталып, әр азаматтың туған жерді көркейтуге қосқан үлесі ауыл мен ел болашағының жарқын болуына ықпал ететінін атап өтті.