«Діни экстремизм – әлемге төнген қауіп» дөңгелек үстел өткізілді.
23 қаңтар күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкері және Ақсу ауылдық клубының мәдениет ұйымдастырушысымен бірлесіп ұйымдастырылған «Діни экстремизм – әлемге төнген қауіп» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс шараға Ақсу ауылдық «Баласағұн» мешітінің имамы Б.Асанұлы, Мектеп директоры Қ.Тасибеков, Ақсу әкімшілігінің бас маманы Е.Есеналиниев және тұрақты оқырмандар қатысты.
Іс-шара барысында ауыл имамы тақырыпқа сай діни экстремизмнің қауіптілігі, оның қоғамға тигізетін кері әсері туралы кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақ -жауап алмасу жүргізілді.




