“Заң және тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің негізі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
23 қаңтар күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Заң және тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің негізі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға Шу АПБ ҚҚБ УПИ полиция аға лейтенанттары Е.М.Тулембаев және А.М.Нұрғиса шақырылды. Дөңгелек үстел барысында қоғамдағы өзекті мәселелер — заң бұзушылықтың алдын алу, құқықтық жауапкершілік, әкімшілік құқықбұзушылықтар, сондай-ақ лудомания мен суицид секілді әлеуметтік түйткілдер кеңінен талқыланды. Мамандар оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен өмірлік маңызы бар кеңестер ұсынды.




