«Жыр патшалығының алыбы – Жамбыл» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
22 қаңтар күні «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Алға ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналған «Жыр патшалығының алыбы – Жамбыл» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушылар Жамбыл Жабаевтың өмірбаяны туралы мәлімет айтып, ақынның кітабынан үзінділер оқыды.



