“Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама” тақырыбында ақпараттық сағат өтті.
22 қаңтар күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен “Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама” тақырыбында ақпараттық сағат өтті. Шара барысында кітапханашы жастарға зиянды заттардың өмірлеріне қауіп тудыратыны, есірткінің ағзаға тигізер әсері мен зардаптары жайлы ақпарат беріп, жағымсыз әрекеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстану керектігін айтып өтті.



