«Қазақтың төрт түлігі» тақырыбында сыр сандық іс-шарасы өтті.
21 қаңтар күні Көкқайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен
«Қазақтың төрт түлігі» тақырыбында сыр сандық іс-шарасы өтті.
Шара барысында төрт түліктің қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі орны, пайдасы мен қадір-қасиеті туралы айтылып, ұлттық дәстүр мен таным кеңінен насихатталды.
Қатысушылар белсенділік танытып, сандықтың ішіне жасырылған сұрақтарға жауап берді.




