“Діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға қауіптілігі” атты дөңгелек үстел өтті.

20 қаңтар күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен “Діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға қауіптілігі” атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ауыл имамы Қоспанов Әбусейіт, ауыл ақсақалы Қ.Кәрімов және ауыл жастары қатысты. Іс-шара барысында діни экстремизмнің пайда болу себептері, оның қоғамға тигізетін кері әсері, радикалды идеологияның таралу жолдары және олардан сақтану тетіктері кеңінен талқыланды.