«ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы» тақырыбында насихаттау іс-шарасы өтті.

20 қаңтар күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы» тақырыбында насихаттау іс-шарасы өтті.

Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға Президент Жолдауының еліміздің даму жолындағы маңызды стратегиялық құжат екендігін түсіндірді. Жолдауда халықтың әл-ауқатын арттыру, экономиканы дамыту және қоғамның белсенділігін күшейту мәселелері қамтылғаны айтылды.

Сонымен қатар, халықтың қолдауы мен белсенділігі – Қазақстанның табысты болашағының басты кепілі екені атап өтілді.