“Қазақтың күй атасы – Әбдімомын Желдібаев” тақырыбында еске алу кеші өтті.

14 қаңтар күні Күйші композитордың өнерін өскелең ұрпақ арасында дәріптеу мақсатында бүгін №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Қазақтың күй атасы – Әбдімомын Желдібаев” тақырыбында еске алу кеші өтті.

Кеш барысында күйшінің өмірі мен шығармалары кеңінен таныстырылып, Боранбай Мадина автордың «Жетісу сазы» атты шығармасын орындап, мектеп кітапханашысы А.Жанатауова “Ерке сылқым” күйінің тарихын баяндады.