«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты сұхбаттасу кеш өткізілді.

14 қаңтар күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкері мен мектеп кітапханашысы мен бірлесіп ұйымдастырылған ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың 2025 жылы 8-қыркүйек күні Жолдауы бойынша «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты сұхбаттасу кеш өткізілді.

Іс-шарада сұхбат барысында қатысушылар жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен болашағы, Қазақстандағы цифрландыру үдерісі, жаңа технологиялардың адам өміріне тигізер пайдасы мен ықпалы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, жасанды интеллекттің тиімді әрі жауапкершілікпен қолдану мәселелері талқыланды.