«Қонаев – ғасыр адамы» атты портрет кеші өткізілді.
12 қаңтар күні Жаңа жол ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен дана халықтың дара перзенті, иісі Алаштың пір тұтар тұлғасы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толуына орай «Қонаев – ғасыр адамы» атты портрет кеші өткізілді.
Мақсаты:Қонаевтың өмірінен оқушыларға мағлұмат беру. Ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін насихаттай отырып, оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке баулу.

