“Өмірі өнегелі өр тұлға” атты портреттік кеш өтті.
12 қаңтар күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 12 қаңтар аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне орай “Өмірі өнегелі өр тұлға” атты портреттік кеш өтті.
Іс-шара барысында Дінмұхамед Қонаевтың өмір жолы, ел басқарудағы еңбегі, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі туралы мәліметтер ұсынылды. Қонаевтың қанатты сөздері оқылып, кітаптарына шолу жасалды.



